Республиканың батысы мен оңтүстігіне циклон әсер етеді. Осыған байланысты найзағай жарқылдап, күн жауын-шашынды болады, еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша кей жерлерде жел күшейеді, шаңды дауыл соғып, батыста, оңтүстікте бұршақ жауады.
Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарда желдің күші - 15-20, екпіні - 25 м/с болады. Күндіз таулы аудандарда найзағай жарқылдайды, дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, күндіз облыстың шығысында, орталығында желдің екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында күн күркірейді, бұршақ жауады. Облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің күші - 17-22, екпіні - 25 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жел - 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде секундына 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жел - 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында желдің күші - 15-20, екпіні - 25 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында күн күркірейді, дауыл тұрады, облыс орталығында шаңды дауыл, желдің екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғады. Облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының батысы мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.