Найзағай мен өрт қаупі: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – 23 шілдеде Қазақстанның 16 өңірі мен Астанада найзағай және жоғары өрт қаупі болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.
Синоптиктердің болжамынша, Астанада 23 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысы
Облыстың батысы мен солтүстігінде күндіз шаңды дауыл болады.
Түнде таулы асуларда, күндіз солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с жетеді.
Абай облысы
Облыстың оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі.
Түнде оңтүстік-батысында, күндіз солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Солтүстік-батысында және оңтүстігінде — ерекше өрт қаупі, қалған аумақтарда — жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
Таңертең және күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғатын жел 15-20 м/с болады.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы
Түнде облыстың батысы мен шығысында найзағай болады.
Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде 15-20 м/с екпінмен соғады.
Күндіз 35–39°С аптап ыстық күтіледі.
Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында — ерекше өрт қаупі, батысында — жоғары өрт қаупі.
Жетісу облысы
Облыстың шығысы мен орталығында солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20, кейде 25 м/с болады.
Ақмола облысы
Күндіз облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде найзағай күтіледі.
Жел оңтүстік-шығыстан және шығыстан соғып, 15-20 м/с екпінге жетеді.
Оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысы
22–24 шілде аралығында күндіз 35–36°С қатты ыстық болады.
Ерекше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы
Күндіз облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с.
Батысы, оңтүстігі мен шығысында — ерекше, солтүстігі мен орталығында — жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.
Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысы
Жел облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аймақтарында 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с болады.
Қостанай облысы
Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында найзағай болжанады.
Жел күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз оңтүстігінде 35°С қатты ыстық күтіледі.
Оңтүстігінде — ерекше, батысы мен шығысында — жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында найзағай.
Күндіз жел 15-20 м/с, температура 35–36°С дейін көтеріледі.
Солтүстігі мен шығысында — жоғары, шығысы мен орталығында — ерекше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы
Облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай.
Жел 15-20 м/с, күндіз 35°С аптап ыстық.
Оңтүстігі мен орталығында — ерекше, солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында — жоғары өрт қаупі.
Қызылорда облысы
Облыстың орталығы мен оңтүстігінде шаңды дауыл.
Жел 15-20 м/с, күндіз 40–42°С қатты ыстық сақталады.
Павлодар облысы
Облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы
Күндіз облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл болады.
Желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін республиканың оңтүстігінде термометр 42°C дейін көтерілетінін жазған едік.