Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК синоптиктері 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялап, бірқатар өңірде ескерту жасады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Жезқазғанда 11 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 11 шілдеде күндіз найзағай жарқылдайды.
Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 11 шілдеде күндіз 37-39 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай ойнап, дауыл тұрады, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында 11 шілдеде найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында 11 шілдеде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыс бойынша найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында 11 шілдеде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.
Батыс Қазақстан облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі бар. Орал қаласында 11 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 11 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 11 шілдеде күндіз найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 11 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.
Маңғыстау облысында 38-42 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 11 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай жарқылдайды, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Петропавлда 11 шілдеде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с. 11-13 шілдеде облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 11-13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 11-13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 11 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында 11 шілдеде күндіз найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Айта кетейік, Қытай нөсер жауын салдарынан ескертудің «сары» белгісін жариялады.