Найзағай соққан ұшақ Лондонға қонды
20:14, 14 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гернсиден Лондонға ұшқан ұшақ Гатвик әуежайына қонар сәтте жай түсті.
Aurigny әуекомпаниясының ұшағы Лондон уақытымен шамамен сағат 11.15-те найзағайдың соққысына ілікті. Абырой болғанда, GR605 рейсі аман-есен қонып, жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта инженерлер ұшақты тексеруде.