БАҚ деректеріне сүйенсек, ұшақ бортында 55 жолаушы, 4 экипаж мүшесі болған «Embraer 170» әуе кемесі Солтүстік Каролинадан Нью-Йоркке бет алған. Бастапқыда ұшақ Ла-Гуардиа әуежайына қонады деп жоспарланған. Алайда, оқиға салдарынан ол Джон Кеннеди атындағы әуе айлағына қонуға мәжбүр болды. Екі әуежай арасындағы қашықтық 13 шақырымдай.
Алдын ала деректер бойынша, қонған кезде ешкім зардап шеккен жоқ. Найзағай соққан кезде де ешкім жарақат алмады. Жолаушылардың бірі журналистерге найзағай соққан кезде салондағы адамдар жарылысқа ұқсас қатты дыбыс естігендерін айтты. Тергеу жұмыстары басталды.