Күндіз Атырау, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтобе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, батысында, орталығында өрт тұтану қаупі аса жоғары.
Қарағанды облысында, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында өрт шығу қаупі жоғары.