Найзағай, жауын, бұршақ – Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауаағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райысақталады, солтүстікте қатты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Кей жерлердежел күшейеді, шаңды дауыл, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, республиканыңсолтүстігінде түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Павлодар,Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі,жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, түнде жәнетаңертең Ақмола облысының кей жерлерде тұман болады.

ШығысҚазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлеріндежел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Қарағанды облысының кейжерлерінде дауыл соғады.

Түркістан,Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейюі күтіледі,Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл болады.

Қостанай облысыныңкей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында жоғары өртқаупі сақталады, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Ақмола облысының батысында,Павлодардың облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар