Найзағай, жел, дауыл, бұршақ: Қазгидромет мамырдың 22-сі күнгі күн райы болжамын жариялады

Фото: Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 22-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын тартақан деректерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігіне циклонның ықпалымен жаңбыр жауып, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында күндіз қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады.

Маңғыстау облысының батысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Павлодар облыстарының шығысында, Қостанай облысының орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік батысында, Алматы облысының батысында, орталығында, Абай облысының оңтүстік-шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік шығысында, Атырау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығысында, Жетісу облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Осыған дейін бейсенбі күні бірқатар өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауатыны туралы хабарланды.