«Назар салыңыздар, балалар!» республикалық жедел алдын алу -шарасы өткізіледі - ҚР ІІМ

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ішкі істер министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында елде «Назар салыңыздар, балалар!» атты республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұман мәлімдеді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Акция шеңберінде жол полициясының қызметкерлері мектептер мен балабақшаларда балалардың жолдарда сақтық және қауіпсіздік шаралары жайында тақырыптық сабақтар беретін болады.

 Көліктік мекемелерде жолдарда балаларға ерекше назар бөлу туралы нұсқаулықтар таратылады. Білім беру ошақтарының жанындағы көше, жолдардың жүйелеріне кешенді тексеріс жасалады.

 Қ.Жұманның айтуынша, осы кезеңде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны күрт артады. Бұл шара балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.