Назарбаев 12 қазанда Әзербайжанға сапармен барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл 12 қазанда Әзербайжан мемлекетіне сапармен барады. Бұл туралы бүгін Астанада 13-ші Экономикалық ықпалдастық бойынша Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының отырысында Әзербайжанның Энергетика министрі Натиг Әлиев мәлім етті.

«Нұрсұлтан Әбішұлы - біздің халықтардың, аймақтың патриархы, ақсақалы. Біз оның даналығы үшін, Әзербайжан еліне деген қарым-қатынасы үшін қатты сыйлаймыз. Біз Нұрсұлтан Әбішұлының биыл 12 қазанда Әзербайжанға жасайтын сапарын асыға күтудеміз», - деді ол комиссия отырысында.

Айта кетейік, комиссия отырысында 14 сала бойынша екі ел әріптестігін ары қарай тереңдету бағытындағы мәселелер талқыланды.