Назарбаев 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары негізінде әзірленген «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.