Назарбаев Әбу-Дабиде «Болашақ энергиясы» саммитіне қатысады

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат -   ҚР Президенті Н. Назарбаев БАӘ-дегі ресми сапарының екінші күнінде «Болашақ энергиясы» (World Future Energy Summit) Дүниежүзілік Саммиті форумына қатысады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

 «Болашақ энергиясы» саммиті - жыл сайын  Әбу-Дабиде өтетін  болашақ энергетикалық өнеркәсіпті дамытуға, экология мәселелеріне арналған көрме-конференция. Форум энергияның жаңартылған көздері, экологиялық таза технологиялар мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері қозғалатын әлемдегі ең  ірі, маңызды шара болып табылады. Ол Әбу-Даби мұрагер ханзадасы, БАӘ қарулы күштерінің бас қолбасшысының орынбасары шейх Мохаммед  бин Зайед  Әл Нахаянның бақылауымен Орнықты даму аптасы аясында өтеді.

Биыл БАӘ астанасындағы саммитке он бір шет мемлекет басшылары қатысады, оның ішінде Корей Республикасының президенті және Марокко королі бар. Шараны ұйымдастырушы - «Masdar Group» компаниясы.