НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ішкі және халықаралық ұшу терминалдарын өтпелі галерея арқылы жалғастыратын құрылыс басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өтпелі галерея Т1және Т2 терминалдарының арасын жалғайды. Нысанның ауданы - 1000 шаршы метр, ұзындығы - 90 метр. Жаңа галерея жолаушыларға бір терминалдан екіншісіне сыртқа шықпай-ақ өтуге мүмкіндік береді» - дейді әуежай мамандары.
Құрылыс биыл қараша айына дейін жалғасады.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.