«Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшып-қону жолағы 10-21 қыркүйек аралығында күндізгі уақытта жабық болады. Жөндеу жұмыстары жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. Нәтижесінде әуежайдан түске дейін ұшып келетін және ұшатын барлық әуе бағыттары шегеріледі», - делінген хабарламада.
Әуе бағыттарының уақыты өзгертілгені туралы ақпаратты билет сатқан әуе компанияларынан және тәулік бойы жұмыс істейтін әуежайдың анықтама қызметінен мына нөмір бойынша 7 (7172) 702 999 алуға болады.
Айта кетерлігі, аталған уақыт аралығында тек ұшып-қону қонағы ғана жабылады, әуежай терминалдары штатты түрде жұмыс жасайды.