Назарбаев биыл 21 елге сапармен барды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы 21 елге сапармен барды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өтіп бара жатқан жыл Мемлекет басшысының шет елдерге нәтижелі сапарларына және біздің елімізде жоғары деңгейдегі сапарларға  толы болды. 2016 жылы мемлекет басшысы 21 шетелдік сапар жасап, шетелдік мемлекеттердің, үкіметтердің және халықаралық ұйымдардың 15 басшысын қабылдады. Жыл басынан бері жалпы 49 халықаралық шара мен 81 екіжақты сапар өтті», - деді Ыдырысов.

Министрдің атап өтуінше, өтіп бара жатқан жылдың ішінде шетелде сауда-экономикалық және инвестициялық тақырыптарды қамтыған 300-ден астам шара ұйымдастырылған. Олардың қатарында экономика күндері, бизнес форумдар, дөңгелек үстелдер сынды шаралар бар.

«Қазақстанға шетелдік елдердің іскерлік және экономикалық орталары өкілдерінің 600-ден астам сапары орын алды», - деді ол.