Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
16:07, 20 Маусым 2017
Назарбаев дипломатиялық қызмет туралы заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы дипломатиялық қызмет органдарының тиімділігін жоғарылатуға бағытталған «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.