Назарбаев Қашаған кен орнындағы «Д» аралымен танысты

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауға жұмыс сапарымен барған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізіндегі Қашаған кен орнындағы «Д» аралындағы мұнайшылармен байланыстырған телекөпірге қатысты.

Мемлекет басшысына мәлімделген ақпаратқа сәйкес, Қашаған кен орнындағы жасанды «Д»  аралы -  теңіз операцияларының орталығы, Қашағандағы мұнай өндіру және газды жер қабатына қайта айдауға және аралдардан алынған мұнай мен газды алдын ала бөлуге арналған негізгі эксплуатациялық және технологиялық кешен.

Теңіз құрылыстарын салуға Маңғыстау облысынан әкелінген 13 миллион тонна тау жынысы мен 12 миллион әктас қолданылды. «Д» аралына орнатылған  37 000 тонна құбыр эстакадаларының 28 000 тоннасын қазақстандық компаниялар әзірлеген.

Теңіз нысаны үш құбыр желісі арқылы Батыс Ескендегі жерүсті өндіріс нысанымен жалғанған.

Қазіргі уақытта кен орнында тәулігіне 100-120 мың баррель мұнай өндірілуде.

«Сіздерге табыс тілеймін!» - деді Президент аралдағы мұнайшыларға.