Назарбаев Мирзиеевпен Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастық перспективаларын талқылады
22:17, 03 Қараша 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевті биылғы 4 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының Президенті сайлануына кандидатурасының ұсынылуымен құттықтады.
Тараптар елдеріміздің сауда-экономикалық қарым-қатынас аясын кеңейтуге тың серпін берген үкіметаралық байланыстардың жандануына оң баға берді.
Әңгімелесу кезінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларына баса назар аударылды.