Сұхбаттасушылар екіжақты қарым-қатынаста тығыз байланыстыратын басты тетіктердің бірі - жаппай қырып-жою қаруын таратпау мен ядролық қауіп-қатерге тыйым салу саласындағы ынтымақтастыққа айрықша назар аудара отырып, екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін талқылады.
Тараптар Қазақстан мен Норвегияның таратпау мен қарусыздандыру процесіне ортақ көзқараста екендігін және тиісті халықаралық процестерде белсенді атсалысуын жалғастыра беретіндігін кезекті рет нақтылады.
Сонымен, норвегиялық тараптардың шақыруымен, қазақстандық делегация биылғы наурыздың басында Осло қаласында өткізілетін «Ядролық қаруды қолданудың гуманитарлық салдарлары» атты халықаралық конференцияға қатысатын болды. Конференцияның мақсаты халықаралық қауымдастықтың назарын ядролық қаруды қолданудың қоғамдық апатты салдарына аудару, сондай-ақ қолданысты азайту арқылы нәтижесінде ядролық қарусызданудың әлемдік процесіне жаңа серпін беретін бірлескен шешім мен ұстанымды жасау болып отыр.