Назарбаев пен Ердоған бірқатар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Құрбан айт мерекесіне байланысты бір-бірін құттықтады.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастың қазіргі ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге түрік тарапы бастамашы болды.