Əңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті тақырыптарын талқылады.
Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен оның бұдан əрі дамуының мəселелері жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Беларусь Президентін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне жəне Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына шақырды.