Назарбаев пен Порошенко тұрақты байланысты алдағы уақытта жалғастыруға уағдаласты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әңгімелесу барысында Украина Президенті Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Украина қарым-қатынастарын дамыту және екі ел халықтарының арасындағы достықты нығайту ісіндегі тарихи рөлін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.