Назарбаев пен Путин Алматыда кездеседі
19:29, 22 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 ақпанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық жайттар талқыланады деп жоспарланып отыр.