Назарбаев «Пробация туралы» Заңға қол қойды
18:33, 30 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында пробацияны ұйымдастыру мен жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін айқындауға бағытталған «Пробация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.