Назарбаев сайлауды мажоритарлық жүйемен өткізу керек дейтіндерге жауап берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәслихаттың келесі сайлауы партиялық тізім бойынша өтеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылы сайлау заңнамасын жетілдірдік.Мәслихаттардың келесі сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өткізілейін депотыр. Мәслихаттың келесі сайлауы Мәжілістегідей партиялық тізіммен өтеді. Жекелеген оппоненттердің немесеблогерлердің мерзімінен бұрын Парламент сайлауында мажоритарлық жүйесіне оралуды және тағы басқаларды ұсынып жатқанын естіп отырмыз. Бүгін мұндай сөз сөйлеушілерге жауап беру қажет», - деді Елбасы.

Қазақстан Тұңғыш Президенті сайлаудың мажоритарлық жүйесіне көшуді қолдап жүргендердің нақты ұсыныстары жоқ екендігін баса айтты.

«Бұл жерде негізді аргументтері жоқ, әдеттегідей текқана әңгіме ғана. Билікті сынап сөйлегендері бос сөз ғана. Тым болмаса біреуіқалай істеу керектігін ұсынып, қалай жасау керектігін көрсетсе ғой. Демократияның шамшырағы деп жүрген Еуропадағы30 дамыған елдің қатарына кіретінмемлекеттердің 63 пайызы сайлауды пропорционалды жүйемен өткізеді», - дедіНұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, мажоритарлық жүйедегі сайлау негізіненАзия елдеріне тән болып келеді.

«Яғни, пропорционалды жүйе үздік әлемдік демократиялықтәжірибеге толық сай келеді. Саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуғасептігін тигізіп, толықтай алғанда саяси партияның қызметін жандандырады»,- деді еліміздің Тұңғыш Президенті.

Соңғы жаңалықтар