Назарбаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты
22:47, 26 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Отырысқа, сондай-ақ, Ресейдің, Арменияның, Қырғызстанның және Тәжікстанның Президенттері қатысты.
- Біз әлемнің көптеген өңіріндегі қарым-қатынастардың қалыптасуы қаншалықты қиынға соғып отырғанын білеміз. Проблемаларға толы шиеленісті аймақтар саны азаяр емес, - деді іс-шараның ашылу рәсімінде Ресей көшбасшысы.
Отырыс барысында қатысушылар күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды талқылады.