Назарбаев Универсиаданың ашылуында: Біз ең үнемді əрі ықшамды ойындар өткіземіз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда жалауы желбіреген 28-інші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарының дайындығына баға берген Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл жарыс Қазақстан үшін ең тиімді жəне ең ықшамды болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз ең тиімді, үнемді, ықшамды жарыс өткізіп жатырмыз. Бұл жобаға құйылған инвестициялар қазақстандықтардың игілігіне жарайды. Жаңа спорт аренасы бұқаралық спорт түрлерінің тоғысқан ортасына айналады. Ал, Атлетика ауылы Алматыдағы 1700 отбасыға қолжетімді əлеуметтік баспана ретінде беріліп, жаңа шағын аудан пайда болады",-деді Елбасы.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Алматыда басталған 28-інші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарын əлемнің 43 телеарнасы  80 елге таратады. Ал, Универсиада ойындарын тамашалайтын аудитория 1 млрд адамға жетеді деген болжам бар.