Назарбаев Университеті әлеуметтік маңызы бар аурулар саласында зерттеулер жүргізуде

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат-  Назарбаев Универсиетінде физика, химия, биология және пәнаралық білім алуға бағытталған ғылыми орталықтар жұмыс істейді, деп хабарлады Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында аталған оқу орнының Энергетикалық

зерттеулер орталығының бас директоры Қанат Байғарин.

«Биыл жүзеге асырған әлеуметтік маңызы бар аурулар саласындағы ерекше жобалардың ішіндегі ең айрықшасы онкологиялық аурулар саласындағы зерттеулер болды. Сондай-ақ туберкулез сияқты ауруларды ертеден анықтап, емдеу зерттеулері жүргізілуде», - деді Қ.Байғарин.

«Бүгінгі таңда орталықтарда энергетика саласындағы бірнеше бағытта зерттеулер жүргізіліп жатыр», - деді Қ.Байғарин.