«Геологиялық орталықтың құрылысы осы жылдан бастап Назарбаев Университетiнiң аумағында басталатын болады. Онда геологтардың толыққанды қалашығы құрылып, мұрағат базасынан бастап, заманауи зертханаларға дейiн геологиялық кластерге қажеттiнiң барлығы шоғырланады. Қазақстанда бүгiнгi таңда кәсiби зертханалар жоқ, сондықтан бiз зерттеу мен сараптамаларды Қырғызстанда, Ресейде жасатамыз. Бұл дұрыс емес, себебi ол геологиялық үлгiлер туралы ақпаратты таратуға болмайды, ол өте бағалы мәлiмет. Ендi мiне осы геологиялық база Назарбаев Университетiнде жиналады. Барлық компаниялар осында болады», - дедi Н. Сауранбаев.
16:58, 13 Мамыр 2014
Назарбаев Университетi аумағында Қазақстанның геологиялық барлау орталығының құрылысы басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Назарбаев Университетi аумағында Қазақстанның геологиялық барлау орталығының құрылысы басталады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрi Нұрлан Сауранбаев мәлiм еттi.