Назарбаев университеті Халықаралық энергетикалық агенттігімен әріптесік орнатты

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада Назарбаев университетінің Энергетикалық зерттеулер орталығы мен Халықаралық энергетикалық агенттігі арасында өзара ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.

Таза энергетикалық технологиялар симпозиумы аясында өткен қол қою рәсіміне Халықаралық энергетикалық агенттігінің атқарушы директорының орынбасары Ричард Джонс және Назарбаев университетінің Энергетикалық зерттеулер орталығының директоры Қанат Байгарин қатысты. Аталған құжатқа сәйкес тараптар энергетикалық зерттеулер саласында өзара ақпарат алмасатын болады. «Бүгінгі таңда Назарбаев университетінде үш бірдей ғылыми-зерттеу орталығы бар. Оның бірі - энергетикалық зерттеулер орталығы. Осы орталық аясында атқарылып жатқан жемісті жұмыстың тағы бір нәтижесі ол - бүгінгі өзара ынтымақтастық туралы келісім-шарт. Осы құжаттың арқасында біз өз тәжірибемізді шыңдап, Халықаралық энергетикалық агенттігімен ортақ жұмысты жүргізетін боламыз», - дейді Қ.Байгарин.