деп хабарлады pm.kz сайты "Назарбаев Зияткерлік мектептері" Дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2011-2012 оқу жылдары Назарбаев Университеті мен «University College London» университеті бірлесіп әзірлеген бағдарлама бойынша Назарбаев зияткерлік мектептері үшін 100 педагог дайындалды», делінген баспасөз қызметтің хабарламасында.
Мысалы, Зияткерлік мектептердің қызметкерлері ұстаздарды, педагогикалық білім беретін жоғары оқу орындарының түлектерін Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Тараз, Шымкент, Көкшетау, Петропавл, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалаларында Назарбаев Университетінен жылдық курс алуға болатыны туралы ақпараттандырды.
«Британдық кеңеспен бірлесе отырып Астана, Алматы, Орал қалаларында ағылшын тілінен IELTS емтиханы ұйымдастырылған. Байқау қорытындысы бойынша 100 оқытушы іріктеліп алынып, оқудан өтуде», - делінген мектептің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.