Назарбаев университеті нақты үш міндетті орындай білуі керек - Президент

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Астанадағы Назарбаев универсиетін дамытудың үш бағытын белгіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде осы университеттің айналасында инновациялық кластер қалыптасып келеді. Білуімше, бұл жерде 21 жоба іске асып, коммерциялық табысқа жетті. Қазір зерттеу университеттерінің рөлі артып келеді. Сондықтан біз Назарбаев университетін дамытуды жалғастыруымыз қажет», - деді Н.Назарбаев басшысы аталған университет түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты салтанатты шарада.
Президент алдымен әлемнің жетекші интеллектуалды-ғылыми ресурстарын тартуды тапсырды. «Назарбаев университеті білікті әрі кәсіби мамандардың ошағына айналуы қажет. Екіншіден, инновациялық өндіріс пен кәсіпкерлікті дамытқан жөн. Ол үшін университет бірлескен жобалардың негізгі алаңы болуы шарт. Үшіншіден, қашықтан оқыту платформасын дамыту қажет. Гарвард, Coursera, Хана академиясы үлгісінде онлайн курстарын қолға алған дұрыс. Осының барлығын іске асырсақ, өз жерімізде Орталық Азияның білім беру xабын қалыптастыра аламыз», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев университет түлектерін құттықтады.