Назарбаев Университеті оқуға түсу ережелерін түсіндіру бойынша ел өңірлеріндегі сыртқы сессияларын бастады

ТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Назарбаев Университеті өкілдері қазақстандық оқушылар мен олардың ата-аналарына университетке түсу ережелерін түсіндіру бойынша Қазақстан өңірлеріндегі сыртқы сессияларын бастады.

13 қазаннан басталған сапар 2012 жылғы қаңтар аралығында өтеді. Назарбаев Университетіне түсу үдерісі еліміздің басқа жоғары оқу орындарымен салыстырғанда ерте басталатынын атап айту керек. Ал, 2012 жылы университет сайтында талапкерлерді онлайн-тіркеу 2011 жылғы 1 қарашадан басталады. Бұдан басқа, университетте оқуға мемлекеттік гранттар бөлінетінін де барлық азаматтар білмейді. Назарбаев Университеті қажетті ақпаратты тікелей алу үшін сыртқы сессияларға болашақ талапкерлердің ата-аналарын да шақырады. Бірқатар өңірлерге университет ректоры Шигео Катсу мен провостакадемиялық мәселелер бойынша проректор Энн Лонсдейлдің өздері барады. Ал, таныстырылымның өту орны жөнінде ақпарат осында жаңартылады.

< http://nu.edu.kz/announcements/raspisanie-admission >