«Назарбаев Университетінде» дәрі-дәрмектерді компьютерлік моделдеу технологиясы жасалуда

АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Назарбаев Университеті» қолға алып отырған дәрілік заттарды компьютерлік моделдеу технологиясын жасау жөніндегі жоба емдік әсері дәл және жоғары жаңа дәрілер жасауға мүмкіндік береді, деп хабарлады pm.kz сайты.

«Тиімді дизайн және компьютерлік моделдеу әдісі арқылы дәрілік заттарды алу» жобасы компьютерлік пішіндеу мен химиялық синтез әдісі ақылы жаңа дәрілік заттарды жасауға арналған.

Жоба авторларының дерегі бойынша, тиімді дизайн және компьютерлік моделдеу арқылы дәрілік заттарды алу әдісі дәрі-дәрмектің кемшіліктерін бастапқы кезеңнен бастап анықтап, оның нақты және тиімді формуласын жасауға мүмкіндік береді.

Оған қоса, жоба аясында вакциналар жасауда қолданылатын иммуногендік пептидтерді анықтайтын автоматтандырылған бағдарламалық поатформа жасау жоспарлануда.

Жаңа жоба зертханалық шығындарды азайтады, жаңа дәрілердің сапасын жақсартады, дәрілердің нарыққа тездеп шығуына жол ашады. Бұл жоба «Назарбаев Университетінің» Пәнаралық аспаптық орталығында  зерттелуде.