Назарбаев Университетінде дәрілік заттардың тиімді дизайнын жасау әдісі зерттелуде

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дәрілік заттардың тиімді дизайнын жасау әдісін зерттеу жобасы «Назарбаев Университетіне» жаңа тиімді антивирустық препараттар жасауға мүмкіндік беретін болады. Бұл жайында Pm.kz сайтында хабарланған.

«Жасуша мембраналарындағы тесіктерді жауып тастайтын қосындылардың негізіндегі жаңа химиялық дәрілік заттардың тиімді дизайны» деп аталатын бұл жоба жаңа антивирустық дәрілік заттарды жасау мақсатында оңтайлы компьютерлік дизайнды қолдануға негізделген.

Жоба авторларының айтуынша, дәрілік заттарды оңтайлы дизайн және компьютерлік пішіндеу арқылы жасау әдісі мембраналар арқылы токсиндердің енуіне жол бермейтін дәрілік зат жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, вирустың көбеюіне және таралуына жол берілмейді.

Оңтайлы компьютерлік дизайн әдісін енгізу әсері бірнеше есе жоғары жаңа антивирустық препараттар жасауға мүмкіндік береді. Бұл жобамен «Назарбаев Университетінің» Пәнаралық аспаптық орталығы айналысуда.