Зерттеу жұмыстарының нысаны болып жел және күн энергия көздері таңдалған. Жел стансалары, күн батареяларын орнату жұмыстары бақылануда. Жиналған мәліметтер Қазақстанда энергияның жаңартылатын көздерін пайдаланудың болашағы туралы толық ақпарат құруға мүмкіндік береді.
«Энергияның жаңартылатын көздері- Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыруға жасалған үлкен қадам», - дейді осы зерттеуге қатысушы, Назарбаев Университеті Энергетикалық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Виктор Тен.
Интеллектуалды басқару элементтері бар жаңартылатын энергия көздерінен тұратын энергетикалық жүйелер Қазақстанның энергетика жүйесінің негізгі көрсеткіштері мен параметрлерін жақсартуға мүмкіндік береді.