Бұл жоба жұқа үлдірлі модулдер технологиясын құруға және күн батареяларының зертханалық үлгілерін алуға мүмкіндік береді, деп хабарлады pm.kz сайты.
Осылайша, күн фотоэлементтерінің немесе екінші және үшінші буын күн батареяларының өлшем кешенін жүргізуге арналған зертханалық ғылыми-техникалық база құрылады.
Жобаның перспективалығы сол, Қазақстан аумағында күн сәулесін пайдаланудың мүмкіндігі зор, себебі біздің еліміз жылына орта есеппен 2200-3000 күн сағатын пайдалана алады. Салыстырар болса, Германия, Норвегия, Ұлыбритания және Жапония сияқты елдер жылына 1000 күн/сағатқа ғана ие.
Бұл жобаны іске асыру күн батереяларының тәжірибелік үлгілерін жасауға мүмкіндік береді және Қазақстанның фотоэнергетикалық саласын жаңа деңгейге көтереді. Бұл жоба «Назарбаев Университетінің» Энергетикалық зерттеулер орталығында зерттелуде.