«Магниттік нанобөлшектер мен кванттық нүктелердің негізінде диагностикалық оптикалық биосенсор жасау» жобасы туберкулез қоздырғыштарын жедел анықтауға арналған жоба болып табылады.
Жоба авторлары кванттық нүктелер мен магниттік нанобөлшектер қолданылатын оптометрдің негізінде оптикалық биосенсор жасауды жоспарлап отыр.
Бұл жоба қазіргі бірнеше күнге созылатын қоздырғыш детекциясы процесін үш сағатқа дейін жеделдетуге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде аурудың анықталу деңгейін арттыратын болады.
Оған қоса, биосенсорды енгізу шығындарды қысқартып, серпінді диагностикалық жүйелерді игерудің перспективасын ашады. Жоба «Назарбаев университетінің» Пәнаралық аспаптық орталығында зерттелуде.