Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
Форумның тақырыбы: «Жоғары білім көшбасшыларының жаһандық трендтері мен олардың өңірлік дамуға тигізетін ықпалы». Іс-шараға 600-ден астам қатысушы тіркелді. Олардың қатарында білім беру саласының топ-менеджерлері мен көшбасшылары, алдыңғы қатарлы ғалымдар мен зерттеушілер, Еуропа, Азия, Солтүстік Америка, Австралия сияқты әлемнің 31 елінен саясаткерлер болады.
Биылғы форумның күн тәртібі университеттердің көшбасшылығы, жауапкершілігі және оларды басқару; жоғары білімдегі стратегиялық көшбасшылық; білім берудегі жаһандық трендтер мәселелерін қамтиды. Сонымен қатар, Назарбаев Университетінің кітапханасы Қазақстанның ЖОО кітапханашылары үшін арнайы кәсіби семинарды өткізетін болады. Сондай-ақ, форум барысында Назарбаев Униерситетінде Білім беру көрмесі өтеді. Форумның негізгі сессияларының бірі қазақстандық білім беру жүйесіне шолу жасау болады. Сессия барысында халықаралық мамандар тобы баяндамалар жасайды.