Назарбаев Университетіне талапкерлерді тіркеу жұмыстары бір аптадан соң аяқталады

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгінге дейін Назарбаев Университетіне 2012 жылға 3219 талапкер тіркелді. Университет сайтында 2011 жылғы 9 қарашада басталған тіркеу 2012 жылғы 30 қаңтарда түн ортасында аяқталады.

Өтінімдер Қазақстанның барлық өңірлерінен және басқа елдерден келіп жатыр. Бұл ретте, тіркелген үміткерлердің 21,1 пайызы - астаналықтар, 18,2 пайызы - алматылықтар, 8 пайызға жуығы  - Оңтүстік Қазақстан облысынан. Сонымен қоса, 39 өтінім басқа елдерден түсті.

Таңдаған факульттердің тізімінде Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (пәндік емтихандар: математика және сыни тұрғыдан ойлау), Инженерия мектебі (математика және физика), Ғылым және технологиялар мектебі (математика және физика) бірінші орын алып отыр. 3219 талапкердің ішінде - 1684 қыз және 1535 жігіт.

Назарбаев Университеті 2012 жылы Университет  Foundation бағдарламасы бойынша оқытуды жүргізбей-ақ, студенттерді бакалавриат бағдарламасына тікелей оқуға қабылдайтындығын естеріңізге салады. Бұл талапкерлерді қабылдау ережелері мен онлайн-тіркеу таяуда Университет сайтында ашылады.  

2011 жылы Назарбаев Университетіне 4247 талапкер тіркелді, олардың 501 Университет студенттері болып, оқуды ағымдағы жылдың күзінде бастады. 2012 жылы Қазақстан азаматтары үшін Назарбаев Университетінің Foundation бағдарламасында оқуға тағы да 500 мемлекеттік грант бөлінуде.