«Назарбаев университетінің» салтанатты ашылу рәсімі болады

аусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Маусымның 28-де Астанада «Назарбаев университетінің» салтанатты ашылу рәсімі болады және «Күшті Қазақстанды бірігіп құрамыз» атты жалпыхалықтық телекөпір өтеді.

Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған. Шара аясында Мемлекет басшысы «Назарбаев университетінің» шетелдік әріптес - жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Университет туралы декларацияға қол қойылады және елімізде іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жобалардың таныстырылымы болады.