Назарбаев Университетінің студенттері Foundation бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтады

ТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Назарбаев Университетінің студенттері Foundation бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтады.

Бұл туралы бүгін аталған оқу орнында өткен баспасөз мәслихатында Университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Энн Лонсдейл мәлім етті.

«Университетіміздің оқушылары Foundation бағдарламасы бойынша алған білім нәтижелері өте тамаша: 32 студент бағдарламаны өте жақсы деген нәтижемен аяқтады. Сонымен қатар, түлектердің 65 пайызы бағдарлама бойынша мақтау грамоталарын иеленді», - дейді Э.Лонсдейл. Оның айтуныша, Foundation бағдарламасының түлектері үш мектептер бойынша бөлінген. Олар - ғылым және технология, әлеуметтік және гуманитарлық ғылым, инженерия. Проректордың сөзіне қарағанда, шетелдік дәріс беруші-мұғалімдер қазақстандық студенттердің үлгерімін жоғары деңгеймен бағалап, олардың оқуға деген ынтасын, білімге құштарлығын және мектептік жоғары әзірлігін ерекше атап өткен. Бұдан бөлек, Э. Лонсдейлдің айтуынша, Назарбаев Университетінің мектептеріне осы семестрде 40-тан астам жаңа оқытушылар құрамы қабылданып жатыр. Олардың 4-еуі қазақстандық ұстаз. Сонымен қатар, жаңа профессорлық-оқытушылық құрамды АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Италия, Қытай, Малайзия, Армения, Австралия елдерінің білікті мамандары құрап отыр.