Іс-шараны астаналық қан орталығы мен университеттің Пре-мед клубы ұйымдастырды.
«Біз барлықтарыңызды біреудің өмірін құтқаруға шақырамыз. Қан тапсыру деңсаулығыңызға зиян келтірмейді, бірақ донорлық қан көп адамдарға көмектеседі», - делінген Пре-мед клубы қатысушыларының жолдауында.
Клубтың мүшелері Назарбаев Университеті Ғылым және технологиялар мектебінің Пре-медициналық бағдарламасының студенттері.
Ал осыдан бір күн бұрын, 29 наурызда Пре-мед клубының мүшелері университет атриумында салауатты өмір салтына арналған «Healthy Life Style Exhibition» атты ашық көрмені өткізген болатын. Бірінші курстың студенттері қонақтарға қан қысымын өлшеуге, өз дене салмағының индексін білуге, өкпе күшін айқындайтын спирографиялық тестіден өтуге ұсыныс жасап, дұрыс тамақтану туралы кеңестер берді.
Сонымен қатар, кішкентай балаларға микроскоп арқылы алкогольдің дара жасушалы ағзаларға келтіретін қауіпі мен зияны туралы көріністер көрсетілді.
Пре-мед клубының мүшелігіне 20-дан астам адам кіреді, ал Пре-медициналық бағдарлама бойынша, Назарбаев Университетінде 60-қа жуық студент білім алып жатыр. 2014 жылдан бастап бағдарлама түлектері университет Медицина мектебінде оқуын жалғастырады.