«Жалпы, бұл жобаның мақсаты Орталық Азия бойынша биомедицинаның хабын құру. Көріп отырғанымдай, Медицина мектебінде инфрақұрылым, тиісті ресурстар және ең бастысы талапты студенттер бар»,-деді жаңадан ашылған мектептiң деканы - Глазго университетiнiң Медицина мектебiнiң деканы, танымал патоморфролог және биомедицина саласының жасуша адгезиясын зерттейтiн маманы доктор Массимо Пинателли.
Медицина мектебінің ашылу салтанатына қатыса отырып, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой бұл мектеп Қазақстанның дамыған елдердің қатарына қосылудағы мақсатын орындауға үлес қосады деп атап өтті.
Жаңа Медицина мектебіне қабылданған студенттер көпшілік алдында Гиппократ антын қабылдады.