Назарбаев университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі талапкерлерден өтініш қабылдайды

None
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде барлық келем деушілер үшін ашық есік күні өтті, деп хабарлайды ЖОО баспасөз қызметі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар сайты мәәлім етті.

«Барлық келушілерге мемлекеттік саясат саласындағы (Master in Public Policy) магистратура бағдарламасы, оның ішінде оқуға түсу туралы ақпараттар, ұсынылатын мемлекеттік гранттар мен оқу бағдарламасы туралы толығырақ білуге мүмкіндік жасалды», - делінген хабарламада.

Қонақтардың алдында Келушілердің алдында Назарбаев Университетінің провосты Саймон Джонс, Мектептің қауымдастырылған профессоры Питер Хауи, сондай-ақ Сингапурдың Ұлттық университетінің Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің бұрынғы вице-деканы профессор Эдуардо Арарал сөз сөйлейді.

«Магистратура бағдарламасы бойынша оқыту таза ағылшын тілінде өткізілетін болады, сабақтарды Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің үздік оқытушылары жүргізеді. Бағдарлама шеңберінде студенттерге Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінде Қазақстан үшін өзекті мәселелерді Сингапурдың тәжірибесімен салыстыра отырып білім алуға мүмкіндік беріледі. Магистранттар мемлекеттік қызметшілермен, практиктермен және нақты мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге жауапты тұлғалармен тығыз байланыста жұмыс істейтін болады», - деп хабарлады Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің атқарушы директоры Әлжан Бірәлиев.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде мемлекеттік саясат саласындағы екі жылдық магистратура бағдарламасына өтініш қабылдануда. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жүргізіледі. Аталған бағдарлама бойынша оқыту ағымдағы жылдың тамыз айында басталады.

Оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде мемлекет қаражаты есебінен жүргізілетін болады. Талапкерлердің мемлекеттік органдарда немесе әлеуметтік, халықаралық ұйымдарда немесе мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасайтын ұлттық және шетелдік компанияларда жұмыс істеу тәжірибесі болуы тиіс.