Айта кетелік, Юрий Солозобов - Ресей Федерациясы Ұлттық стратегия институтының арнайы жобалар бойынша директоры, посткеңестік кеңістіктегі саясаттың өзекті мәселелеріне және саяси элитаға арналған мақалалар мен кітаптардың авторы.
Аталмыш туынды Қазақстанның жаңа тарихын арқау еткен кітаптар сериясынан жарық көрген төртінші шығарма болып табылады. Кітапта санаулы жылдар ішінде қазақ елінің мәртебесін әлемге әйгілей білген Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси шешімдеріне баға беріліп, Қазақстанның тарихи дамуындағы келелі өзгерістерге, жаңа бетбұрыстарға талдау жасалған.
«Бұл кітап арқылы «ұлт көшбасшысы феномені деген не?» тұрғысындағы сұраққа жауап беруге тырыстық. Тәуелсіз Қазақстанның жеңісті де жемісті жетістіктерінің өзегі саналатын «Назарбаев факторының» мәнін ашуды мақсат еттік. Саяси ілімдердің атасы - Аристотель көшбасшылық ұғымына көрегендікпен мақсат еткен нәрсені жүзеге асыру деген анықтама берген екен, ал бұл тұтастай Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси стиліне сәйкес келеді. Ядролық қарудан түпкілікті бас тарту келісімге негізделген ынтымақтастықты мақсат еткен тұлғаның көрегендігін айғақтайды», - деді өз сөзінде Юрий Солозобов.