Жоспар бойынша, қысқа тұйықталудың салдарынан мектептің акт залында тұтану орын алған. Жанған заттардан температура көтеріліп, қою түтін шыққан. Өрт бір бағытта таралады. Автоматты дабыл беру құрылғысы іске қосылады. Нысанның әкімшілігі «101» телефоны бойынша өртке қарсы қызметке хабарлайды және адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге кіріседі. Осы мақсаттағы барлық есіктер ашылып, электр энергиясы өшіріледі. Сондай-ақ, қолда бар құралдармен өртті сөндіруге кіріседі.
Оқу-жаттығуға 14 техника бірлігі және жеке құрамнан 32 адам тартылды.