«Біз қазіргі іріктеу талаптарына талдау жасап, оны АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Нидерланды мемлекеттерінің халықаралық тәжірибесімен салыстырдық. Сонымен бірге стратегиялық әріптестер - Сито педагогикалық өлшемдер (Нидерланды) институты және Джонс Хопкинс СТУ университетінің (АҚШ) талантты жастар орталығымен бірге Зияткерлік мектептің 7 сынып оқушылары үшін іріктеу байқауы жүйесі әзірленді», - деді Орталық директоры.
Жаңа байқау жүйесінің ерекшелігі бірнеше. Енді байқау 2 күн ішінде өтеді. Бірінші күні оқушылар (математика мен қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінен) пәндік тест тапсырады. Екінші күні - «Мөлшерлік сипаттамалар» және «Кеңістікте ойлау» екі тарауынан тұратын пәннің ерекшелік тестін тапсырады.
Сондай-ақ, тесттің мазмұны да өзгереді. Тұтастай алғанда, әрбір пәннің саны өсіп, тестілеу уақыты да ұлғаяды. Егер бұрынғы жүйеде әрбір пәнге 15 сұрақ бөлінген болса, жаңасында ол - математикадан 40 сұрақ және тілден 20 сұрақ. Уақыт бойынша тест математикаға 60 минут, тілге 40 минут бөлінген. Жалпы пән тестісіне бөлінетін уақыт 180 минутты құрайды. Сәйкестенген 139 сұраққа дәл 79 минут беріледі. Бұл уақыт CTУ сарапшылары негіздеген тәжірибе жасау жолымен ғылыми түрде орнықтырылды.
Сұрақтар да өзгерді. Оларда түрлі өмірлік жағдайлар, диаграммалар, кестелер, суреттер пайдаланылады. Тіл жөніндегі сұрақтар тестпен жұмыс істеу арқылы грамматикалық ережелерді тексеруге емес, тіл байлығын тексеруге бағытталған. «Сандық мінездемелер» мен «Кеңістіктік ойлау» тест сұрақтарында ой қисынын бағалауға бағытталып, сандармен жұмыс істеу, ойша үш деңгейлі нысандарды жүйелеу мүмкіндіктері, мектеп оқушылары үшін маңызды нақты-математикалық бағыттағы көргенін есте сақтау ескерілген.
Осылардың барлығымен бірге, грант байқауына қатысу үшін ең төменгі талаптар мен грант беру ережесі де өзгереді. Егер қазіргі жүйеде грантқа қатысу үшін ең үлкен мүмкін болатын баллдан әр пән бойынша 30 және одан да көп пайыз жинау қажет болса, жаңа жүйеде математикадан 35% және одан да жоғары, ал «Мөлшерлік сипаттамалар» тесті бойынша - 40 % және одан да жоғары жинау қажет болады.