Осы оқу жылында мектепті аяқтайтын 45 түлектің 12-сі «Алтын белгі» төсбелгісіне, ал 10 түлегі үздік аттестатқа үміткер. Түлектердің арасында пәндік олимпиада және түрлі жарыстардың жеңімпаздары бар. 25 түлек халықаралық ғылыми жоба жарыстарының жеңімпазы.
«7 түлегіміз АҚШ-тың University of Chicago, Newcastle University, University of Nottingham, «Bentley University», Embry-Riddle Aeronautical University, University of Minnesota Twin Sities сынды айтулы жоғары оқу орындарына шақырылды. 22 түлегіміз Назарбаев Университетінің халықарылық емтиханынан ойдағыдай өтті», - делінген хабарламада.