«Назарбаев Зияткерлік мектебінің» бітірушілері 4 пән бойынша кембридждік тест тапсырады

АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылында «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» бітірушілері тұңғыш рет 4 кәсіби пән бойынша кембридждік тест тапсырады,

деп хабарлады «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ білім сапасын бағалау департаментінің директоры Ольга Можаева pm.kz сайтына берге сұхбатында.

«Біз бітірушілерді қорытынды аттестациялауға тәуелсіз білім беру ұйымдарының әзірлеуін бастап та кеттік, енді 2012-2013 оқу жылында біздің бітірушілеріміз тұңғыш рет  4 кәсіби пән бойынша кембридждік тест тапсырады», - деді О.Можаева.

Департамент директорының айтуынша, қыркүйекте конкурстық іріктеудің жаңа жүйесі сынақтан өткізіледі, оның айырмашылығы тапсырмалардың алған білімді қолдана білуді тексеруге бағытталуында және әр пән бойынша шектік деңгейі белгіленген. Тілдік пәндерде мәтінмен жұмыс істеу дағдылары тексеріледі, ал грантқа үміткерлер үшін шектік деңгей статистикалық мәліметтерді өңдегеннен кейін белгіленетін болады.

Сонымен қатар, 7 және 11 сыныптарда Голландияның педагогикалық өлшемдер институтымен (CITO) бірлесіп әзірленген білім жетістіктері мониторингінің жаңа жүйесі сынақтан өткізілетін болады. Аталған жүйе әр баланың нәтижелері көрсетілетін оқушылардың қабылеттері шкаласын жасауға мүмкіндік береді, бұл педагогке баланың жеке жетістіктерін, оның оқу барысындағы прогресстері пен қиындықты салаларын анықтауына жағдай жасайды.

О.Можаеваның сөзіне қарағанда, Джон Хопкинс университетінің Дарынды жастар орталығымен бірлесіп оқушылардың математикалық қабылеттерін психометриялық бағалауды жүргізу жоспарлануда. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың зияткерлік өсуін қамтамасыз етуге бағытталады.

«Бағалау моделі «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» білім берудің кіріктірілген бағдарламасының құрамдас бөлігі болғандықтан, біздің мақсатымыз оқушыға оқуға түскеннен бітіргенге дейін зияткерлік прогресті және ғылыми жетістіктердің жоғары нәтижесін қамтамасыз етуге көмектесетін бағалау жүйесін жасау болып табылады», - деп аяқтады сөзін О.Можаева.